«Тоқаев келеді» деген СДУ студенттерін жатақханадан шығарып, күзетшілер журналистер жұмысына кедергі жасаған

Кедергі жасағандардың бір өздерін «ҰҚК қызметкерімін» деп таныстырған


05/09/2023
14:57 14980 0

Фото: Азаттық радиосы 

 

Азаттық радиосының мәліментінше, Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деген ақпарат тараған бетте оқу орны маңында күзет күшейген. Тілші Мейірім Бақытжанды күзет ішке кіргізбеген. Оператор Санат Нұрбековке жұмысына кедергі келтіргендер «ҰҚК қызметкерімен» деп, қызметтік куәлігін көрсеткен. 

 

Таңғы сағат 8:00-де журналистерге студенттер университет басшылығы президенттің келуіне байланысты жатақханадан шығып кетуді міндеттеген. Оларға бұны қауіпсіздік шарасы деп түсіндірген.  Университет арнайы автобуспен студенттерді қалаға кеткен. 

 

Университетте сабақ әлі басталмаған. Алғашында сабақ 4 қыркүйекте басталады делінген. Кейіннен ол 6қыркүйекке ауыстырылған. 

 

Оқу орнының өкілі Әлібек Әкімбай журналистерге университетке шетелден қонақтар келіп жатқанын, президенттің келетінін білмейтінін мәлімдеген. Бірақ оқу орнында нақты қандай шара өтіп жатқанын айтпаған. 

 

Ақорда 5 қыркүйекте президент Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келетінін хабарлады. Ақорданың жазуынша, сапар кезінде президент "Батыл тойтарыс – 2023" әскери оқу-жаттығу жиынына қатысып, өңірдегі бірқатар нысанды аралайды.

Ал СДУ студенттер мен оқытушылары кеше, 5 қыркүйекте университетке президент келеді деген хабар естіген.

СДУ университетін 1996 жылы 17 желтоқсанда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел ашқан.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/09/2023 14:57
14980 0

Уведомление